Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев: Өз күшіңізге сене білу керек!

Айдос Үкібай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2020 20:48 Айдос Үкібай
Елбасы науқанды ойдағыдай өткізу үшін ол республикалық және аймақтық штабтардың үйлестірілген жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған "Nur Otan" партиясының бағдарламасы қаржылық және адами ресурстармен қамтылған өршіл және әрбір қадамы әбден есептелген мақсаттарды көздейді. Ол - біз қолға алған реформа бағытының логикалық заңды жалғасы. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бері қарай мен алға нақты мақсаттар қойып, оларға қол жеткіз үшін аянбай еңбек етіп, жаңа қиындықтарды жеңе білу керек деп нығырлап айтып отырдым, қазір де солай деймін. Президент ұсынған бұл бағдарламаны қолдаймын. Біздің ортақ мақсатымыз -жұмылып, бірлесе жұмыс істеу. Өз күшіңізге сене білу керек, Отаныңызды сүюіңіз тиіс және елдің дамуы үшін барлық мүмкіндікті жасауыңыз қажет, - Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол "Nur Otan" партиясының реформалау жүргізуде өз тәжірибесі және жоспарды жүзеге асыруда саяси ерік-жігерге ие екенін баса атап өтті.

- Партия бағдарламасын орындау керек. Оның орындалатынына сенімдімін. Бұл біздің еліміздің одан әрі жаңғыруын қамтамасыз етуге, барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - дейді Елбасы.

Науқанды ойдағыдай өткізу үшін ол республикалық және аймақтық штабтардың үйлестірілген жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Барлық үміткерлер, белсенділер мен сенім білдірілген адамдар аймақтарды аралап, сайлау бағдарламасы туралы кеңінен насихат жүргізуі ерек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: