Жаңалықтар тізбегі
0

"Ауыл" партиясының партиялық тізімін тіркеу мәселесі қаралды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 19:04 inform.kz
Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға; Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл тұруға; 25 жастан кіші болмауға; белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.

Ағымдағы жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялардың, Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер және қаржы министрліктерінің өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыста екі мәселе қаралды:

1) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы;

2) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны кезеңінде өтініштерді қарау барысы және сайлау заңнамасын түсіндіру тәртібі туралы.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Ортсайлаукомның Парламент Мәжілісі және мәслихаттардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауға Қазақстанда тіркелген барлық 6 саяси партияның жіберілгенін еске салды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Смағұлов Асылбек баяндама жасады.

Ол 2020 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады.

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға; Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл тұруға; 25 жастан кіші болмауға; белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес бір саяси партиядан тізімге енгізілген адамдардың саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санынан отыз пайызға аспайтын бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі.

Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімінде 19 адам бар. 4 әйел және жиырма тоғыз жасқа толмаған 2 адам енгізілген, бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,5 пайызын құрайды.

Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.

Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелері "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Дауылбаев Ерлан баяндама жасады. Ол 21 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш келіп түскенін хабарлады, оның ішінде: 5 – жеке тұлғалардан, 29 – заңды тұлғалардан, оның ішінде 13 – БАҚ-тан.

Келіп түскен мәселелердің сипаты бойынша өтініштер былайша бөлінді: 50% (17) – сайлау туралы Заңның нормаларын түсіндіру туралы; 17% (6) – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру туралы; 12% (4) – сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар; 21% (7) – өзге де мәселелер бойынша.

Көрсетілген кезең ішінде келіп түскен 34 өтініштің ішінен: ОСК аппараты тарапынан 22-сіне белгіленген мерзімде өтініш берушілерге толық жауап берілді; 4-Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне кірмейтіндіктен, заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жолданды; бір қайта жасалған өтініш қараусыз қалдырылды; БАҚ-тың екі ақпараттық хабарламасы ОСК сайтында орналастырылды; 5-өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ.

Өтініштерде жиі көтерілетін мәселелердің ауқымына сайлау заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар еніп отыр.

Мәселен, Ортсайлауком атына қоғамдық ұйымнан петиция келіп түсті, оның 8 тармағының 5-і сайлау туралы Конституциялық заңды жетілдіру мәселелеріне қатысты. Е.Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясы заң шығару бастамасы құқығының субъектісі болып табылмайтынын атап өтті. Осыған байланысты сайлау туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды Ортсайлауком аппараты осыған уәкілетті органдарға жібереді.

Сондай-ақ Ерлан Дауылбаев бұқаралық ақпарат құралдарының жүгіну тәртібін жеке түсіндірді.

Осылайша, "БАҚ туралы" Заңға сәйкес БАҚ-тың, оның ішінде жазбаша және (немесе) электрондық құжат түріндегі берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті адамның немесе аккредиттелген журналистің қолымен жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Егер жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде БАҚ сұраулары электрондық түрде жасалса, онда олар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.

Сайлау процесіне қатысушылардың кең ауқымын хабардар етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясы отырыстарды онлайн-трансляциялау практикасын енгізді.

Бүгінгі таңда алты отырыс өткізіліп, онда тиісті қаулылар алқалы түрде қабылданды. Бұл қаулылар Ортсайлаукомның интернет-ресурсына ашық түрде жедел орналастырылады. Ортсайлауком отырыстарының тақырыбы сайлау процесінің нақты кезеңдерімен сәйкестендіріле отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларында белгіленіп отыр. ОСК қаулыларымен бекітілген күнтізбелік жоспарлар да ашық қолжетімділікте орналастырылған. Сонымен қатар, брифингтерде әрбір отырыс аяқталғаннан кейін ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап бере отырып, тиісті тақырып бойынша және қабылданған қаулылар бойынша түсініктеме береді.

Сайлау процесіне қатысушылардың құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуі мен қолдануы мақсатында Е.Дауылбаев Ортсайлаукомның және басқа да органдардың сайлау науқаны кезіндегі заңнаманы түсіндіру жөніндегі өкілеттіктеріне қатысты құқықтық нормаларға тоқталды.

Конституцияның 72-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беретін жалғыз орган болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру тәртібі "Құқықтық актілер туралы" Заңмен регламенттелген. Бұл заң түсіндірудің екі нысанын қарастырады: ресми және бейресми.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.

Сайлау заңнамасын түсіндіруге келетін болсақ, оның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның нормаларымен де, "Құқықтық актілер туралы" заңның ережелерімен де реттелетінін ескеру қажет.

Сұрау салулардың авторлары Орталық сайлау комиссиясына түсініктеме алу үшін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12-бабының 5) тармақшасында бекітілген Орталық сайлау комиссиясының заңнаманы түсіндіруді ұйымдастыру жөніндегі функциясына сілтеме жасауды басшылыққа алады.

Осы Заңда белгіленген функцияны іске асыруға сүйене отырып, Ортсайлауком мыналарға құқылы:

- сайлау туралы заңнамаға өз бетінше түсініктеме беруге;

-өз бетінше қандай да бір түсіндірулер жасамай, сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастыруға;

- сайлау заңнамасының жекелеген ережелерін өзге заңдар тұрғысынан түсіндіру үшін басқа мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар.

Осы үш аспектіні ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: ОСК сайлау заңнамасын түсіндірудің бойынша жалғыз және түпкілікті субъекті емес, керісінше "үйлестіруші" немесе "ұйымдастырушы" рөлін атқарады.

ОСК-ның сайлау заңнамасын түсіндіру шеңберінде құқықтық актілер туралы Заң ОСК-ға өзінің нормативтік құқықтық қаулыларын ғана ресми түсіндіру жөнінде өкілеттіктер береді.

Ұйымдастырушы рөлінде бола отырып, ОСК өзінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша ресми түсіндірме беру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың ұстанымын алдын ала сұратуға құқылы.

Бұл ретте, ОСК заңдардың, соның ішінде сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына ресми түсіндірме беруге құқылы емес. ОСК аппараты өз құзыреті шегінде сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тек нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қатысты бейресми түсініктеме бере алады.

Азаматтардың алдағы сайлауды әзірлеу мен өткізу туралы толық және дұрыс ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясының аппараты бейресми түсіндіру құралдары ретінде ақпараттық-түсіндіру материалдар кешенін (бейне-, аудиороликтер, плакаттар, әдістемелік және басқа да материалдар) әзірледі.

Қазіргі уақытта БАҚ арқылы ақпараттық материалдар кеңінен жарияланып келеді, яғни:

- 6 республикалық телеарналардың эфирінде арнайы әзірленген бейнеролиектер 951-рет жарыққа шықты;

- 5 республикалық радиостанцияда аудиороликтер 813 рет шығарылды, сондай-ақ осы материалдар өңірлік теле және радио арналарда ротация арқылы кеңінен көрсетіліп келеді;

- "Топ-7" рейтингке кіретін 5 республикалық интернет-ресурстардың беттерінде тәулік бойы режимі бойынша Интернет-баннерлер орналастырылып отыр, олардың интернеттегі көрсетілім саны 18 млн. құрап отыр;

– жалпы таралымы 925 мың дананы құрайтын 6 республикалық газетте 12 модуль шығарылып отыр.

Өз құзыреті шегінде бейресми түсіндіруді "Құқықтық актілер туралы" Заңның 60-бабына сәйкес мемлекеттік саясат жүргізетін, белгілі бір салада реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар бере алады.

Сайлау туралы Конституциялық заңның, "Құқықтық актілер туралы" Заңның және өзге де салалық заңдардың құқық қолданылуы мен орындалуы өз құзыреті мен өкілеттігі бойынша бейресми түсіндірудің мынадай субъектілерін бөліп көрсетеді:

- Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның ҚСжАЕК партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мәселелерін түсіндіруге қатысады;

- Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс органдары мүдделі тұлғалар оларға жүгінген кезде салық заңнамасын, оның ішінде кандидаттардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну туралы нормаларды қолдану бөлігінде түсіндіреді;

- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайлау науқаны кезіндегі БАҚ қызметінің мәселелерін, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт мәселелерін, сондай-ақ саяси партиялардың қызметі саласындағы мәселелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп түсіндіреді;

- Ішкі істер министрлігі сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыру кезінде жергілікті атқарушы органдар пайдаланатын ЖТМДБ (жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқор базасы) қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде және ішкі көші-қон мәселелерін реттейтін және сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде көрсетілген мәселелерді түсіндіруге қатысады;

- Қорғаныс, сыртқы істер, ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайлау учаскелері, құрылған әскер бөлімдері, демалыс үйлері, санаторийлер, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары, сондай-ақ Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіруге қатысады;

- жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін қалыптастыру және учаскелік сайлау комиссияларына ұсыну, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау мәселелерін түсіндіреді.

Ерлан Дауылбаев өз баяндамасында Ортсайлаукомның ерекше конституциялық мәртебесі бар – алқалы орган болып табылатынын және әрбір шешім комиссия отырысында оның мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданатынын атап өтті. Комиссияның жеке мүшесінің пікірі бүкіл комиссияның пікірі болып табылмайды.

Сөз соңында Е.Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны барысында келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы жұртшылықты хабардар ету тәжірибесін жалғастыратынын атап өтті.

Отырыстың екінші сұрағының қорытындысы бойынша "2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде өтініштерді қарау барысы және сайлау заңнамасын түсіндіру тәртібі туралы" Ортсайлаукомның қаулысы қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: