Sulpak компаниясы Алматыда 500 ағаш отырғызатын болды

26 Қараша 2020, 13:56
Сурет: esquire.kz

Sulpak компаниясы көшедегі оталған ағаштарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ағашы оталған Төле би көшесі сауда үйі ғимаратының жанында орналасқаны болмаса, сондай-ақ олар қалада 500 ағаш отырғызуға ниеті екендіктерін де айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Соңғы күндері біздің бренд дүкенге жақын орналасқан көрші территориядағы шектен шыққан оқиғамен байланыстырылып айтылып қалып жатыр. Біз де сүйікті қаламыз - Алматының тұрғындары - өздеріңіз секілді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін компания ретінде бұл жайтқа шын жүректен алаңдаймыз. Алматы қаласының әкімдігі алдын ала нәтижелерді жариялады, осыдан соң біз өз ұстанымымызды және ресми мәлімдемемізді жариялауға дайынбыз, - делінген компанияның Facebook-тағы хабарламасында.

Хабарламада тергеу барысында Sulpak жалға алмаған территорияда компанияға қарамайтын мердігер компания қызметкерлері ағаштарды өз бетімен отағаны анықталғандығы туралы айтылған.

Тиісті органдар кінәлілерге қатысты заңға сәйкес тиісті шаралар қолданатынына сенімдіміз. Біз өз азаматтарымыз бен клиенттеріміздің шыр-пыр күйін түсінеміз және оларды қолдаймыз, әкімдікпен ынтымақтастық орнатуға және қаламыздың экологиясын жақсартуға ат салысуға дайынбыз. Компания басшылығы қала әкімдігімен келісілген мерзімде және Алматыда 500 жетілген ағаш отырғызу туралы шешім қабылдады, делінген хабарламада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?