Алматы көшелерін дезинфекциялаушылардың айлығы неге кешіктіріліп жатқаны белгілі болды

26 Қараша 2020, 17:48
Сурет: иллюстрация үшін алынды

Алматыда көше мен аулаларды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізген жұмысшыларға ақы төленбей, кешкіктіріліп жатыр. Оған басты себеп - атқарылған жұмыстардың сапасыз болуы деген уәж айтылды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv.

Алматының Тұрғын үй саясаты басқармасындағылар орындалған жұмыстар жөніндегі актінің екі күн бұрын берілгенін айтты.

Айта кетерлігі, басқарма күн сайын орындалған жұмыстарға және оның сапасына мониторинг жүргізеді. Егер тұрғындардан немесе ПИК тарапынан шағымдар түсетін болса, онда мұндай жұмыстар қабылданбайды.

"Залалсыздандыру жұмыстары ПИК өкілдерінің, ал олар болмаған кезде әр үйдегі жауапты жандардың немесе тұрғындардың қол қоюлары арқылы расталады. Біздің тарапымыздан орындалған жұмыстардың актілері бойынша проблемалар жоқ, біз оларды тексереміз, содан кейін төлемге жібереміз. Ақша тек актілер ұсынылған кезде ғана төленеді. Ерте ұсынылған және расталған барлық актілерге ақша төленді. Қазіргі кезде кейін түскен актілер тексерілуде. Келісімшарт талаптарына сәйкес төлем аяқталғандығы туралы акт ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде төленеді", – деп атап өтті Тұрғын үй саясаты басқармасындағылар.

Сонымен қатар, мердігерлер залалсыздандыру жөніндегі барлық есептерді өткізсе, төлем қайта жүргізілетін болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?