Мемлекет басшысы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті

26 Қараша 2020, 21:16
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бейне конференция форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі ахуалын және оны одан ары дамыту перспективаларын талқылады.

Тараптар 11 желтоқсан күні мемлекеттер басшыларының қатысуымен онлайн-форматта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер, сондай-ақ, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы жайында пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысындағы жекелеген мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұйымның интеграциялық процесстердегі рөліне тоқталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?