Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда дәрігерлерге арналған үстемақыға қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды

region.center, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 16:49 region.center
Ішкі аудит қорытындысы жарияланып, іс әрі қарай Жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жолданды.

Алматыда коронавируспен күресіп келген дәрігерлерге төленген үстемақы оңды-солды жұмсалған. Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мәліметінше, мұндай заң бұзушылыққа Тауарлар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті жол берген, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ернат Байғалық, ҚР ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:

- Аудит барысында 55,6 миллион теңгенің заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 4,2 миллион теңге қызметкерлерге заңсыз берілген. 32,8 миллионы қызметкерлерге берілген үстемақыдан заңсыз салық және зейнетақы жарнасы түрінде ұсталғаны анықталды. 18,4 миллионын есеп бойынша қалпына келтіру керек.

Тексеру анықтағандай, кейбір қызметкерге үстемақы заңсыз төленсе, енді біреуінен заңсыз ақша ұсталған. Ал Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басы дауға қалған мекеменің осы жылдың 1-қаңтары мен 31-тамыз аралығында шығынды тексеріп, 55 миллионның ізін таппаған. Мамандардың айтуынша, бұл департаментке келеңсіздіктерді жою жөнінде нұсқау берілген. Ал іс әрі қарай Жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жолданыпты.

Сәуір айынан бері бұл мекемеге Жандарбек Бекшин жетекшілік етеді. Ал оған дейін Айзат Молдағасимова басқарған. Бір қызығы, Молдағасымованың тұсында өзіне сыйақы жазып алғаны жайында ақпарат тараған. Өзі мұның бәрін жоққа шығарғанымен, кейін қызметінен кетіп тынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: