Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-ның Күршім ауданында мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 16:49 24.kz
2022 жылға дейін Маралды, Ұрынхай ауылдарының наубайханаларын жаңғырту жоспарланды.

Күршім ауданында жаңа жұмыс орындарын ашу үшін өнеркәсіп секторы мен кәсіпкерлікті дамыту қолға алынбақ. Биылғы жылы өндірістік қуаты жылына 350 мың тонна кен өндіретін Қаршыға кен орнының тау-кен байыту кешенінің пайдалануға берілуіне байланысты 200 жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында "Төре Тоғам" ЖШС балық зауытын одан әрі дамыту, өндірісті заманауи жабдықтармен жарақтандыру үшін қомақты қаражат бөлінді.

Қойтас ауылында "Жақсылық" шаруа қожалығы көкөністер мен жеміс-жидектерді, тамыржемісті және түйнекті өсімдіктерді өсіруге арналған жылыжай ашуды жоспарлап отыр.

2023 жылға дейін Қалжыр ауылында техникалық қызмет көрсету стансасы, ағаш ұстасы цехы ашылады. Ауылдық кәсіпкерлікті дамытудың "Ақниет" өңірлік бағдарламасы аясында 9 жоба іске қосылады. Атап айтқанда, жобалардың бірі – негізінен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне арналған қонақ үй ашу. Болашақ қонақ үйдің ауданы 15 га құрайды.

2022 жылға дейін Маралды, Ұрынхай ауылдарының наубайханаларын жаңғырту жоспарланды. Марқакөл және Күршім ауылдарында тігін және жиһаз цехтарын, ағаш өңдеу өндірісін кеңейту және техникалық қызмет көрсету стансасын ашу көзделуде.

- Нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 есеге артып, 3,5 млрд теңгеден асады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,5 есеге артады. Осылайша, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарының қуаттылығын арттыру және жаңа кәсіпорындар ашу есебінен мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр, – деді Дулат Қажанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: