Алматы облысының тұрғыны бір жасар қызының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

27 Қараша 2020, 11:02
Сурет: видеодан кадр

Алматы облысында әкесі өзінің бір жасар қызының көзінше әйелін асқан қатыгездікпен пышақтап өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ер адам отбасымен бірге дүкенге азық-түлік сатып алу үшін жолға шығыпты. Үйге қайтар жолда күйеуі дәрет сындырмақ болып 300-400 метр жерге барып тоқтаған екен. Көлігіне қайтып оралғанда келіншегін өлі күйінде тауып алғанын айтуда.

Татьяна Спивакова, марқұмның анасы:

Қызымның күйеуі маған телефонға қоңырау шалып, Татьяна Николаевна Светаны өлтірді деп хабарлады. Мен - қалай өлтірді, қайдасындар деп айқаладым. Ол бар болғаны келіп көріңдер деп тіл қатты.

Марқұмның ата-анасы Светлананы жұбайы қасақана пышақ сұғып өлтіргенін алға тартуда. Себебі, темір тұлпар ішінде тоңазытқыш-сөмке мен балаға арналған тамақтың мол қоры табылыпты. Күйеу баласы өзін үнемі дөрекі ұстап, кішкентай қызын Ресейге алып кететінін айтып қорқытып отырған. Туыстары 34 жастағы жас келіншектің өлімі алдын-ала жоспар бойынша жасалғанына әлі де сенер емес. Ең сорақысы, қанды қырғынды бір жасар бүлдіршін өз көзімен көрген.

Ақбота Әзірбек, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 37 және 34 жастағы екі күдікті ұсталды. Олар аса ауыр қылмыс жасағанын толығымен мойындап отыр. Қазіргі таңда екі күдікті де қамауда отыр. Адам өлтіру дергеі бойынша ҚР ҚК-нің 99-бап екінші бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?