Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екі пәтер отқа оранып, үш бала эвакуацияланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 18:20 zakon.kz
Өрт сөндірушілер жеткенше оқиға орнынан 1937 жылғы әйелді жедел жәрдем бригадасы №7-ші қалалық клиникалық ауруханасына алып кетті.

Алматыда түнде екі пәтер отқа оранды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қарашада сағат 04.09-да Әуезов ауданына қарасты №1 ықшам ауданындағы 48 пәтерге өрт сөндірушілер түскен қоңырау бойынша жоғары дәрежедегі дабыл белгісімен жетті.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде үшінші қабаттағы пәтер ашық жалынға оранып, қызыл алау төртінші қабаттың балконы мен үйдің шатырын шарпи бастаған, жалпы өртке оранған аудан 60 шаршы метр болған.

10 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 3 бала бар. Дереу газ бен түтіннен қорғау қызметінің звеносы көрші пәтерлерді өрттен қорғауға жұмылдырылды. Үйдің шатырындағы өрттті сөндіру үшін арнайы баспалдақ көкке көтерілді. Тұрғын-үйдің алды көлікке толы болғанына қарамастан, өрт 34 минут ішінде оқшауланып, сағат 05.02-де толықтай ауыздықталды.

Өрт сөндірушілер жеткенше оқиға орнынан 1937 жылғы әйелді жедел жәрдем бригадасы №7-ші қалалық клиникалық ауруханасына алып кетті.

Өртті сөндіруге 10 техника, өзара әріптестіктегі қызметтің 30 қызметкері қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: