Жаңалықтар тізбегі
0

Жандарбек Бекшин алматылықтарға жаңа ескерту жасап қойды

Тимур Батыршин, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 22:28 Тимур Батыршин
Алматыда КВИ ауруының өсуі қазан айында басталды.

Ж.Бекшиннің мәліметтері бойынша, 26 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласында эпидемиялық жағдай қиын. Соған байланысты қала аумағында 2020 жылдың 26 қазаны және 2020 жылдың 9 қарашасында №64 және №65 қаулылар бойынша енгізілген шектеу шаралары жалғасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жыл басынан бері аумақта коронавирустық инфекцияның 15876 жағдайы және 1140 этиологиясы анықталмаған пневмония тіркелді, бұл сары аймақтан шығуға мүмкіндік берді.

"Алматыда КВИ ауруының өсуі қазан айында басталды, онда 366 КВИ жағдайы тіркелген болатын, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,2 есе жоғары. Ағымдағы жылдың 27 қарашасындағы жағдай бойынша 1122 КВИ жағдайы тіркелді, қыркүйекпен салыстырғанда ауру 7 есеге өсті", - деп атап өтті Ж.Бекшин.

Әрбір КВИ эпидемиологиялық тергеуінде КВИ жағдайларының келесі жұқтыру орындары анықталды:

- қоғамдық орындар (түнгі клубтар, тамақтану орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар) - 33,7%;
- үй жағдайында жұқтырғандар - 28,7%;
- қалалық көлік - 18,5%;
- жұмыс орны бойынша - 13,1%;
- шет елдерден алып кіргендер- 3,5%;
- 2,1% жағдай бойынша анықталмаған.

КВИ-мен ауыратын науқастардың жас топтары арасында белсенді жас 20-дан 39 жас аралығындағыларда басым, бұл түнгі клубтарға, тамақтану орындарына, сауда орталықтарына, сауда үйлері мен базарларға баратын, соның ішінде жұмысқа бара жатып, қоғамдық орындарға бару арқылы жұқтырып, инфекцияны отбасына әкелетін жастар.

Ж.Бекшин онлайн режимде оқитын оқушылар арасында сырқаттанушылықтың өсу фактісіне назар аударды.

"Онлайн оқудағы оқушылар арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, сол себепті ата-аналардан балалардың денсаулығын қорғауды сұраймыз. Балалар аурушаңдығының негізгі себебі – компьютерлік және басқа жабық клубтарға бару, сондай - ақ адамдар көп жиналатын орындарға (түнгі клубтар, мейрамханалар және т.б.) баратын басқа отбасы мүшелерінің инфекцияны жұқтырып әкелуі, сондай-ақ қашықтықтан жұмыс істеуді елемеу", - деді ол.

Сондай-ақ, Ж.Бекшин Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен енгізілген қолданыстағы шектеу шаралары КВИ ауруының өсуін тежеуге және жасыл аймақта қалуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Бізді әлі де бірқатар кәсіпорындардың жауапсыздығы алаңдатып отыр, мысалы "Небо" түнгі клубы шектеу шараларын үш рет бұзды. Нәтижесінде 950 мың теңгенің айыппұлы салынып, сотқа қызметін тоқтату туралы талап-арыз жолданды, бұған қылмыстық жауапкершілік артылады", - деп атап өтті Ж.Бекшин.

Коронавирустық инфекциясының тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты біз тұрғындарды профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырамыз:

- өзге адамдардан қашықтықта болыңыз, бетперде киіңіз;
- адамдар жиі шоғырланған немесе жанасатын жабық мекемелерден аулақ болыңыз, өйткені нашар желдетілетін аумақтарда адамдардың бір-біріне жақын жерде ұзақ уақыт болуымен, COVID-19 жұқтыру қаупі артады. Мұндай жағдайда вирус тамшылар немесе аэрозольдар арқылы тез таралады, сондықтан алдын алу шараларын қабылдаудың маңызы артады;
- мекеменің ішінде болған кезде желдетудің барлық түрлерін күшейту қажет;
- қажеттілік туындамаса, адамдар көп жиналатын орындарға бармау;
- қолыңызды антисептикалық залалсыздандыратын өнімдермен үнемі тазалап отырыңыз немесе сабынмен жуыңыз. Бұл шара қолдың ықтимал микробтан ластануын, оның ішінде вирусты да жояды;
- беткі қабаттарды үнемі тазартып, дезинфекциялаңыз, әсіресе адамдар жиі қол тигізетін есік тұтқалары, крандар және телефон дисплейлері;
- егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз, дәрігер шақырыңыз, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз, үйден шықпаңыз;
- 65 жастан асқан адамдарға үйден тек қажеттілік бойынша ғана шығуға болады. Осы ережені ұстану ауруды 7.5%-ға 3-6 азайтады.

"Осы қарапайым талаптарды орындау қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және күрделі жұмыстарды орындайтын эпидемиологтардың жұмысын жеңілдетуге көмектеседі", - деп қорытындылады Ж.Бекшин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: