Елбасы туралы көрмеге тергеу изоляторының қызметкерлері келді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
1 желтоқсан тақалып, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін насихаттау шаралары басталып жатыр.
Қызылорда қаласындағы Тергеу изоляторының қызметкерлері қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапханада "Елін сүйген Елбасы" тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады, деп хабарлайды zakon.kz Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД хабарламасына сілтеме жасап.
Кітапхана қызметкері Данагүл Қазыханқызы Тұңғыш Президенттің отбасы, жастық шағы, тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы айтып өтті:
Еліміздің тыныштығы мен ұлтаралық татулық және Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз Тұңғыш Президентімізбен байланысты, деген тоқетер сөзбен тоқтады ол.
Шараның мақсаты қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін көрсету.
"Кітапхана қызметкері кемеңгер тұлға Елбасының жастық шағы мен басшылыққа дейін жүріп өткен жолдары, еңбектері туралы жан-жақты мағұлмат берді. Бүгінде Елбасының көреген салиқалы саясатының арқасында Қазақстан барлық қиындықтардан аман-есен шығып, дүниежүзі таныған абыройлы елге айналды. Тұңғыш Президенттің өмірбаяны туралы көптеген қызықты мәліметтерді білдік", - деді тағылымдамашы Ақберген Қожақ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript