Жаңалықтар тізбегі
0

Марадонаның қазасына дәрігері кінәлі деген күдік туды

assiette, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2020 15:17 assiette
Прокуратура атақты футболист жеке дәрігерінің салғырттығынан көз жұмуы мүмкін деп санайды.

Аргентина прокуратурасы өткен аптада қаза болған футбол жұлдызы Диего Марадонаның жеке дәрігері Леопольдо Лукенің Буэнос-Айрестегі үйі мен жеке клиникасына тінту жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Прокуратура атақты футболист жеке дәрігерінің салғырттығынан көз жұмуы мүмкін деп санайды. Тергеу ісі Марадонаның қыздары Лукенің әрекеттеріне күмәнданғаннан кейін басталған.

Прокуратура соңғы күндері Марадонаға қандай медициналық жәрдем көрсетілген-көрсетілмегенін тексеріп жатыр. Өз кезегінде Луке Марадонаға барлық қажетті жәрдем берілгенін айтқан.

Аргентинаның футболдан құрама командасының бұрынғы ойыншысы, әлем чемпионы Диего Марадона өткен сәрсенбі күні 60 жасында қайтыс болды. Қараша айында оның миына операция жасалып, соңғы күндері үйінде ем қабылдап жүрген. Оның спорттағы шеберлігі жоғарып бағаланып, әлемдегі ең атақты футболист атағын алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: