ШҚО түрмелерінде "Ел бақытын ұлықтаған Елбасы" көрмесі ашылды

30 Қараша 2020, 10:00
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

​ШҚО бойынша ҚАЖД департаментінің ОВ-156/15, ОВ 156/2 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнап "Ел бақытын ұлықтаған Елбасы" атты көрме ашылды, деп хабарлайды ​ШҚО бойынша ҚАЖД департаментінің баспасөз қызметі.

Экспозиция материалдары бірнеше бөлімдерге бөлінген. Қоғамның, адамның тарихи таңдауын айқындаған оқиғаларға жеке тұлға жолының бастауы болған Елбасының мектеп,​ жас кезіндегі, комсомол, партия және мемлекет маңсабының кезеңдері туралы дәйекті түрде айтып береді. Көрмені "Әлем саясатында" бөлімі аяқтайды. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы туралы әлемдік қоғамдастық елдерінің мемлекет басшыларының, танымал саясаткерлерінің, қоғам қайраткерлерінің, жазушылары мен ғалымдарының кітаптары мен айтылған пікірлері жинақталған.

"Көрменің негізгі басымдықтары қалың жұртшылықты еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен, идеяларымен және бастамаларымен, сонымен қатар президенттік саясатпен таныстыру, патриоттық сезімді қалыптастыру, көрме Егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының Тәуелсіздік жылдары көрсеткен қызметі туралы әдебиетті танымал ету болып табылады",- деді Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?