Денсаулық министрлігі КВИ-ға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады

2020 жылғы 29 қарашадағы Қазақстандағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 794 жаңа дерегі тіркелді.
Жалпы республикамыз бойынша КВИ-дің 131 659 жағдайы расталды, оның ішінде:
Шығыс Қазақстан облысында - 16316 (+125),
Алматы қаласында - 16103 (+70),
Нұр-Сұлтан қаласында - 16043 (+54),
Атырау облысында - 11633 (+17),
Қарағанды облысында - 11102 (+25),
Батыс Қазақстан облысында - 8038 (+44),
Солтүстік Қазақстан облысында - 6399 (+108),
Павлодар облысында - 6375 (+121),
Алматы облысында - 5714 (+32),
Шымкент қаласында - 5365 (+4),
Қостанай облысында - 5299 (+87),
Ақмола облысында - 5163 (+91),
Жамбыл облысында - 4422 (+11),
Ақтөбе облысында - 3484 (+3),
Түркістан облысында - 3478 (+1),
Маңғыстау облысында - 3435 (+1),
Қызылорда облысында - 3290 (+0).
Өткен тәулікте Қазақстанда 274 адам COVID-19-дан емделіп, сауықты.
Ақтөбе облысында - 2,
Атырау облысында - 3,
Шығыс Қазақстан облысында - 180,
Батыс Қазақстан облысында - 12,
Қарағанды облысында - 20,
Қостанай облысында - 2,
Қызылорда облысында - 3,
Павлодар облысында - 17,
Солтүстік Қазақстан облысында - 35.
Барлығы елімізде COVID-19-дан 116 461 адам емделіп, жазылды.