Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы мәлімет жаңартылды
30 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем-дом алып жатыр, оның 905-і - балалар. Ауруханаларда 3 516 науқас, амбулаториялық деңгейде 9 648 адам емделуде. 222 адамның жағдайы ауыр, 31-інің денсаулығы өте ауыр халде деп бағаланады, 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
2020 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушы науқастар туралы мәлімет
Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 43 жағдайы тіркелді. Бір тәулікте одан емделген 41 адам сауықты.
1 тамыздан бастап тіркелген деректер: 42 147 науқас, кісі өлімі - 443, емделіп, жазылған адамдардың жалпы саны - 30 535.
Өткен тәулікте 7 адам КВИ-дан көз жұмды, ал пневмонияға шалдығушылар арасында кісі өлімі тіркелмеді.