Жаңалықтар тізбегі
0

"Adal" партиясы адалдау деген 16 өкілін таңдады

vk.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2020 21:14 vk.com
Олар Мәжілістегі орындарға үміткер болады.

"ADAL" саяси партиясы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "ҚР Сайлау туралы" Конституциялық Заңының 87 және 89-баптарына сәйкес "ADAL" ҚБ саяси партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарын тапсырды. Үміткерлердің қорытынды тізіміне партияның 16 өкілі кірді:

Олжас Ордабаев - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, білім беру саласының сарапшысы;

Мақсат Толықбай – белгілі тележурналист, "Ашық алаң" тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;

Алмазбек Садырбаев – "Шопан Ата" Қазақстан қой өсірушілері қауымдастығының төрағасы;

Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам белсендісі;

Лаура Маликова – "Тәжірибелі экологтар қауымдастығының" төрағасы;

Жигули Дайрабаев - "Қазақстан фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті";

Ардақ Назаров – белгілі спортшы, қоғам белсендісі;

Ақмарал Бекмұрзаева – бизнес-тренер, кәсіпкер;

Игорь Шацкий – кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі сарапшы;

Нұрлыбек Малелов – қаржыгер, мемлекет қайраткері;

Ғалымбек Жақсылықов – қоғам қайраткері, Қызылорда облысының белсенді тұрғыны;

Алина Асқарқызы – бизнес-білім беру саласын басқару жөніндегі маман, сарапшы;

Лаззат Шыңғысбаева - "Менің Атамекенім" әлеуметтік қорының төрағасы;

Ғани Абадан – партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы;

Серік Сұлтанғали - "ADAL" партиясының төрағасы;

Эльдар Жұмағазиев – мемлекет және қоғам қайраткері, бірқатар білім және әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: