Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы тұлғасын кеңінен ашатын суреттер көрмесі ашылды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2020 03:35 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының Полиция департаментінде Тұңғыш Президент күніне орай суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Алматы облысының Полиция департаментінің ғимаратында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орайластырылған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының суреттері, оның туған жерінің көріністері, оқыған және қызмет атқарған орындарда түсірілген фотолар қойылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі көрме жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жерде Елбасының тұлғасын кеңінен ашатын, оның тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан сүбелі үлесінен сыр шертетін суреттер қойылды. Көрмені тамашалауға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен қатар, жақын орналасқан аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінің жас қызметкерлері шақырылды. Оларға мемлекетіміздің даму жолындағы тұңғыш Президент рөлі туралы ақпарат берілді", - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ораз Жолдасов.

Жас қызметкерлер Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысында туғанын мақтан тұтатындарын жеткізді. Елбасының өмірімен жете танысқан олар еңбек пен табандылық, асқақ арман биіктерді бағындыруға мүмкіндік беретіні туралы ой түйді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2020 03:35

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2020 03:35

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: