Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем аруы-2020" байқауына бармақ

2 Желтоқсан 2020, 11:30
Сурет: instagram.com / zhuldyzabdukarimovaofficial

Биыл "Әлем Ханымы-2020" - "Миссис Вселенная" байқауында Қазақстанды таныстырамын, деп жазды парақшасында Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, бұл сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты - әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді.

Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық! Сондай-ақ, мен Қазақстанның ғана емес Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет. Шынайы пейілдеріңіздің осы посттың астына “Қолдаймын” деп жазу арқылы көрсете аласыздар. Қанша екенімізді көрейік, деп жазды ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?