Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда тұрғыны компьютерлік клуб атын жамылып, казино ашқан

informburo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2020 22:04 informburo.kz
Компьютер клубы атын жамылып заңсыз ойын ұйымдастырған азамат сотталды.

Заңсыз ойын ұйымдастыруға қатысты кезекті қылмыстық іс бойынша сот үкім шықты. Бұл заңсыз әрекет ҚР ҚМ ҚМК Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен үстіміздегі жылдың тамызында анықталған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда қаласының азаматы балаларға арналған компьютерлік ойын клубы түрінде өз жеке кәсібін ашқан. Қаланың орталық көшелерінің бірінен жалға ғимарат алып, оған 14 компьютер қойған соң кәсібінің астарын ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңына қайшы әрекеттерге бұрғаны анықталды. Экономикалық тергеу департаментінің криминалист мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесінде бұл компьютерлерге ұтыс тігілетін құмар ойындар жүктелгені және онлайн ойындар жасалғаны дәлелденді.

№2 Қызылорда қалалық сотының ҚР ҚК 307 бабы 1-бөл. қарастырылған қылмыстық әрекеттері үшін (ойын мекемесiн заңсыз ашу немесе заңсыз ұйымдастыру, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу) заңсыз ойын ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар сотпен пробациялық бақылау және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту тағайындалды.

Ойын орнынан алынған 14 компьютер, 4 ұялы телефон және модем, кассадан алынған 177700 теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қызылорда облысы бойынша ЭТД 2020 жылдың 9 айында қоғамға елеулі залал келтіретін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен 6 қылмыстық іс тіркелген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: