Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа жаңа өкілеттіктер берілді: Сенат заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2020 17:22 Ақорда
Енді президент республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды, басқа да елді-мекендерді қайта құру туралы шешімдер қабылдай алады.

Сенат "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға енгізілген Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасында мынандай түзетулер ұсынылды:

- қаладағы аудандарды елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне енгізу;

- облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада 400 мыңнан астам тұрғыны бар елді-мекенді аудан ретінде құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемдерін нақтылау;

- Үкіметтің ұсынысы бойынша және жергілікті өзін-өзі басқарушы және атқарушы билік органдарының пікірлерін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді-мекен ретінде құру туралы шешімдер қабылдауға Президентке өкілеттіктер беру;

- республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді-мекен ретінде құру туралы ұсынысты Президентке енгізу үшін Үкіметке жаңа құзырет беру;

- облыстық өкілді және атқарушы органдарға Үкіметке облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқаша құру туралы ұсыныс енгізуге жаңа өкілеттік беру;

- аудандық маңызы бар қаланы ауыл санатына жатқызу туралы аудандық өкілдікке және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу құқығын аудандық маңызы бар қала әкіміне жүктеу.

Сенаттың тұрақты комитеттерінде аталған заң жобасы бойынша ешқандай ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ. Нәтижесінде Сенат депутаттары "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға енгізілген түзетулерді бірауыздан қабылдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: