Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді

Ақорда Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 11 айдағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары бойынша есеп берілді.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 11 айдағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, әлемдік қаржы нарықтарының қазіргі ахуалы мен оларды қалпына келтірудің перспективалары туралы баяндалды. Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.

Президентке зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп беріліп, мемлекеттік қарызды басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.Сонымен қатар Ерболат Досаев Мемлекет басшысына орта мерзімді кезеңде Ұлттық Банкті және қаржы секторын цифрландырудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз