Депутат Бақытбек Смағұл құпия архивтерді ашайын деп жүр

4 Желтоқсан 2020, 09:08
Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтайтын мемкомиссия 1-ші жиынына жиылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, комиссия мүшесі Бақытбек Смағұл Facebook-тегі өз парақшасында жазып жіберді.

Елде Елбасы бастамасымен, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның тұңғыш отырысы өтті. Оған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев төрағалық етті.

"Бірінші отырыс онлайн форматқа негізделді. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада негізгі алаң ұйымдастырылды. Онда үстел басында Мемлекеттік комиссия төрағасы, оның орынбасарлары және күн тәртібі бойынша сөз сөйлеушілер жайғасты. Мемкомиссияның өзге мүшелері отырысқа Zoom платформасы арқылы өз жұмыс орындарынан қосылды. Мен Парламент Мәжілісіндегі жұмыс орнымнан байланысқа шықтым. Мемкомиссияға жалпы саны 49 белгілі тұлға мүше.

Жазықсыз жала жабылған, айыпсыз атып-асылған арыстар ақталмай, ел жарқын болашаққа бет қоя алмас!

Біздің алдымызда Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы елдері, Украина осы бағытта жұмыстар жүргізді. Біз солардың, шет елдердің тәжірибесін де зерделейміз.

Мемкомиссия құпия архивтермен жұмыс істейді. Бірінші отырыста осы тұрғыда маңызды бір мәселе көтерілді: бұрын құпия құжаттар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қол астында мұқият сақталатын және соған қажетті барлық жағдайлар жасалған. Алайда кейін ол архивтер Ішкі істер министрлігінің құзырына тапсырылыпты. Ғалымдар мен зерттеушілер: "ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайы, мамандарының даярлығы мен біліктілігі сол мұрағаттық материалдарды лайықты сақтап, қорғауға жете ме?" деп сауал тастап, алаңдаушылық білдірді. Қалай болғанда, ең бастысы – тарихымыздың тағы бір тұсын бүтіндеуге, жоғалтқанымызды түгендеуге, кінәсіз жазаланғандарды ақтауға бағытталған маңызды қадам басталды", – деді Бақытбек Смағұл.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?