Жаңалықтар тізбегі
0

Жыныс ауыстыру – Шариғатқа сай емес

Яндекс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 15:24 Яндекс
Бұл жаңа заң қоғамға қалай әсер етер екен?

Елде әйелден еркекке, еркектен әйелге айналғандар көбеймесе болды. Білетіндер, күні кеше жыныс ауыстыруға рұқсат беретін ережені бекіткен денсаулық министрі Цой мырзаның бұл шешімі жақсылыққа апармайды деп топшылап отыр. Неге? Сонда ұсынысқа сұраныс бар ма? Жалпы мұндай ота жасауға отандық медицинаның қауқары жете ме?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы сюжет даярлапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кешелі-бері отандық БАҚ беттерін шулатқан ақпарат. Енді Қазақстанда жыныс ауыстыруға рұқсат. Денсаулық сақтау министрлігі ер болғысы келетін әйелге, әйел болғысы келетін еркекке арналған арнайы нұқсқаулықты бекітті.

Алайда, таңғалудың қажеті жоқ. Заңға сәйкес, елде жыныс ауыстырам деушілерге рұқсат сонау 2003-ші жылы-ақ берілген еді. Казір тек, өзгерістер енгізіліпті. Басты талап жасы 21-ден асуы керек.

Жақсылық Досқалиев, трансплантолог:

Психолог жұмыс жасап, керек пе, керек емес пе, жынысымды ауыстырамын деген адаммен жұмыс жасайды. Ол бір жарты жылдай. Соның нәтижесі болмағанда, оған гармон береді. Ер адамдарға әйелдердің, әйел адамдарға ер адамдардың гармонын жасайды.

Сөйтіп толық медициналық тексеру мен арнайы комиссияның келісімін алғаннан кейін ғана хирург жұмысына кіріседі екен. Құны да аз емес. Берісі бір, арысы 3 млн теңге. Хош. Оны қойшы. Мұндай қадамға кімдер барады өзі?

Ержан Мырзабаев, психолог:

Ұл бала бала кезде, өте доминантты әйелден қысым көретін болса, көп кезде аналар болады, жалпы әйелдерден көңілі қалады. Олардан қорқатын болады.

Бұл бір. Екінші себеп...

Ержан Мырзабаев, психолог:

Бала кезінде өз жынысына байланысты ер кісінің тарапынан жыныстық қысымға ұшыраған болса, жыныстық зорлауға ұшыраған болса.

Қысқасы, бала шақта психологиялық жарақат алғандар болашақта жынысын ауыстыруға бекінеді екен. Дегенмен, осыған дейін, мұндай ота жасатқан отандастарымыздың саны бірен-саран еді. Жылына ары кетсе 3-4 адам болатын. Енді министрліктен ресми рұқсат берілгесін, теріс тенденция белең алып кетпесе болды деп алаңдайды мамандар.

Жақсылық Досқалиев, трансплантолог:

Біз еліктеп жатырмыз ғой. Мынау батыс елдеріне, басқаға. Өзіңіз білесіз, ел ашық. Ғаламтор ашық.

Осыдан үш жыл бұрын еркектен әйелге айналып, ашыналардан ақша бопсалаған тараздық трансгендердің оқиғасы әлі ел есінде. Хасаннан Викторияға айналған азаматты Сот көп уақыт қай түрмеге тоғытарын білмей, дал болған еді. Кейін, көп ойлана әйелдердің қасына жіберген-ді. Мейлі, медицина жыныс өзгертуге рұқсат бергенімен, дініміз не дейді?

Медет Құрсақов, Шариғат және Пәтуә бөлімінің маманы:

Жыныстық мүшені ауыстыру – бұл Алла Тағаланың жаратылысын өзгерту болып саналады. Және шариғатымызда, әйелдердің еркекке, еркектердің әйелге ұқсауына қатаң түрде тыйым салынған.

Жалпы, жыныс ауыстыру бойынша Үндістан, Тайланд пен Иран көш бастап тұр екен. Соңғысында, жылына 500-ге жуық ота жасалады екен. Ал біздің қоғам бұған қалай қарайды?

Қалай болғанда да, заң келер жылдан бастап күшіне енеді. Ал оның қоғамға қалай әсер ететінін, уақыт қана көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: