Әли Оқапов отбасылық мерекесімен бөлісті

Қазақстандық әнші Әли Оқапов оқырмандарына жұлдызды отбасындағы маңызды мереке жайлы айтты. Бүгін, оның ұлы Зейін екі жасқа толды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші 2025 жылдың 17 ақпанында Instagram парақшасында мұрағаттық фотосуреттерді жариялай отырып, шағын жазба қалдырды.
"Туған күніңмен, Зейін. Біз сені сүйеміз".
Жұлдызды жұптың оқырмандары бүлдіршінді туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді:
- Тфәй-тфәй тіл мен көзден сақтасын! Атасынан аумай қалған өзі. Бақытты да, жарқын болсын болашағы! ЗЕЙІН деген атына заты сай боп, өте зерек, ерекше бала болып өссін! Туған күні құтты болсын!
- Тіл-көзден аман бол балапан
- Бақытты,ғұмырлы,саналы болсын,балапан!
- Шын жүректен құттықтаймын, бақытты балалық шақ тілеймін!
- Тұған күні құтты болсын. Өмір жасы ұзақ болсын.
- Туған күні құтты болсын! Денсаулық мықты болсын! Үлкен азамат болсын! Отбасы аман болсын! Өмір ұзақ болсын!!!
Сондай-ақ,Оқаповтың інісі Мәди Рымбаев та інісін әлеуметтік желілер арқылы да құттықтады.
Еске салайық, "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай мен Әли Оқапов 2020 жылы отбасын құрған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript