Вазген Манукян. Арменияның 17 оппозициялық партиясы ортақ кандидат ұсынды

4 Желтоқсан 2020, 09:27
Сурет: Photolur

Арменияның 17 оппозициялық партиясы бірігіп, премьер-министрлікке ортақ кандидат ұсынды. Ол – 1990–1991 жылдары үкіметті басқарған 74 жастағы Вазген Манукян.

Вазген Манукян егер премьер болсам, партиядағы қызметімді тоқтатып, жаңа сайлау өткіземін, бірақ оған өзім қатыспаймын деп жариялаған. Осылай деп Азаттықтың армян қызметі (Азатутюн) хабарлайды.

Армения оппозициясы қараша айынан бері қазіргі премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етіп келеді. Оны 90-жылдардың басынан бері Армения бақылап келе жатқан Таулы Қарабақтағы даулы жерлердің Әзербайжанға қайтарылуымен айыптайды. Пашинян болса, қызметінен кетуден бас тартып жатыр.

Оппозициялық партиялар бейсенбі күні Отанды қорғау қозғалысын құратынын мәлімдеді. Жаңа ұйым кеңесінің мәлімдеуінше, олар жаңа үкімет құрып, сайлау өткізуге әрекет етеді.

Манукян – Таулы Қарабақты тәуелсіз етуге ұмтылған қозғалыстың негізін қалаушы. 1990–1991 жылдары тәуелсіз Арменияның үкіметін басқарған. 1992–1993 жылдары Әзербайжанмен жанжал кезінде қорғаныс министрі болды. Қазір ол қоғамдық-саяси жұмыстармен айналысады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?