Нұр-Сұлтандықтар интернеттің әлі де дұрыс істемей тұрғанын айтуда

7 Желтоқсан 2020, 10:17
Сурет: gizchina.it

Дүйсенбі, 7 желтоқсанда таңертеңнен бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары кейбір интернет сервистерді пайдалана алмай қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сағат 10.00-дегі жағдайға сәйкес, Downdetector сайты Нұр-Сұлтан, Алматы мен Жезқазғанда Instagram, Google сервистерінің жұмысында ақаулықтар бар екенін көрсетіп отыр. Алматыда Youtube жұмысы ақсаңқырап тұр.

Кейбір астаналықтар Telegram мессенджерінің жұмысындағы ақаулықтарға шағымдануда.

5 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында "Кибер қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020" атты оқу-жаттығу өткізетінін мәлімдеген. Сосын 6 желтоқсанда астаналықтар шынымен де Facebook, YouTube және өзге де сайттар мен әлеуметтік желілердің ашылмай қалғанына шағымдана бастаған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?