Садыр Жапаров: Парламенттік басқару жүйесі бизнеске айналып кетті

7 Желтоқсан 2020, 16:38
Сурет: kabar.kg

Премьер-министр құзыретін уақытша тоқтатқан Садыр Жапаров "Ата Мекен" жетекшісі Өмірбек Текебаевтың "Конституция жобасы бізді 30 жылға кері лақтырады" деген мәлімдемесіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жапаровтың пікірінше, "Текебаев Конституциясы" елді 30 жылға кері лақтырған, соның салдарынан "парламенттік басқару жүйесі кәсіпке айналып кетті".

"Жогорку Кенештегі әрбір орын 200 мыңнан басталып, 1 миллион долларға дейін сатылды. Халық та өз дауысын сата бастады. Халықтың дауысын сатып алған депутат халық үшін жұмыс істей ма? Керісінше, ол бес жылда осы қызметке салған ақшасын бірнеше есе өндіріп алуға тырысады. Он жылда біз соны көріп отырмыз", - деп жазды Жапаров.

Бұның алдында "Ата мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев "Азаттыкқа" берген сұхбатында Конституция жобасын сынап, бұл құжат елді 30 жылға кері лақтырады деп мәлімдеген.

Жаңа Конституция жобасы қоғам талқылауына биыл 17 қарашада ұсынылды. Құжатты Жогорку Кенештің 80 депутаты жазған деп хабарланды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?