Жарты миллиондай қазақтың заңгер деген дипломы бар

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2020 15:26 inform.kz
Заңгерлерді 5-6 университет қана даярлау керек – Жұмагелді Елубаев.

18 миллион халқы бар ел үшін неге 70-тен астам жоғары оқу орны заңгерлер даярлайды? Сапалы маман даярлауға ары кетсе, 5-6 жоғары оқу орны жеткілікті, дейді "Kazakhstan Bar Association" Заң консультанттары палатасының Төрағасы Жұмагелді Елубаев.

Бұл ақпаратты М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ баспасөз қызметі таратты.

– 2018 жылғы 5 шілдеде "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" ҚР Заңы қабылданды. Егер сол кезде Қазақстанда адвокаттардың саны бар болғаны 4,5 мың адамды құраса, заң фирмалары, жеке практикамен айналысатын және корпоративтік заңгерлер саны 10 мыңды құрады. Сондықтан заңгер мамандығы нарықта реттеуді қажет етеді, – деді Жұмагелді Елубаев "Заң білімі және ғылым: заманауи мәселелер және жетілдіру перспективалары" атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде 400 мың заңгер диплом алған, ал жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық заңгер даярланады.

Заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының жетекшісі Жаннетта Калишеваның айтуынша, ЖОО түлегі жұмыс берушінің талабына сай болуы керек. Жұмыс беруші, кәсіби қоғамдастық және университет арасындағы ынтымақтастық оң нәтиже береді, заңгер мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар әдістемесін пысықтайды.

– Заңгерлер кәсіби қауымдастықтармен сертификатталуы тиіс, ал жоғары оқу орындары палаталардан аккредитациядан өтуі керек. Заң білімінің стандарттарын кәсіби қоғамдастықтар әзірлеуі қажет. Сондай-ақ, біліктіліктің бірыңғай талаптары деген (білімге, біліктілікке, дағдыларға, құзыреттерге) болады, алайда "Заңгер" мамандығы бойынша бірыңғай талап жоқ, – деп мәлімдеді ол конференцияда.

Бұл шараға ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, отандық көрнекті заңгер-ғалымдар М.Ш. Қоғамов, С.Ф. Ударцев, К.В. Ким, С.П. Морозов, Г.А. Алиханова, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Германия және Украинаның бірқатар жоғары оқу орындары мен кәсіби қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: