Рас енді. Билік ақшаның күшімен баспасөздің "аузын жауып" келеді

tobolinfo.kz tobolinfo.kz
Шенеуніктердің жұмысын жариялау үшін БАҚ-қа ақша бөлу Қазақстанның барлық аймағында бар тәжірибе.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық бюджеттен мемлекет саясатын насихаттау үшін миллиондаған қаржы бөлу қалыпты тәжірибе деп есептейді. Оның сөзінше, биыл әкімдік мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін БАҚ-қа 700 миллион теңге (1,6 миллион доллар) бөлген. Әкім бұл шығындар маңызды деп есептейді, деп жазады centralasian.org.

– Бұл әкімдіктің жұмысын көрсету үшін емес. Менің Instagram'да өзімнің парақшам бар. Өзімнің есебімді сонда жариялаймын. Бұдан бөлек баспасөз хатшым бар. Бірақ егер қалада қандай да бір жұмыстар істелініп жатса, оны көрсетуіміз керек. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Мәселе, бұл қаржыны БАҚ мақтасын деп емес, жасаған жұмысымызды көрсету үшін бөлеміз.

Алматы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл ақпараттық саясат үшін әкімдік 728 миллион теңге, 2019 жылы 722 миллион теңге бөлген.

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке қарағанда, Алматы әкімдігі тарапынан БАҚ арасында ең көп қаржы алып отырған NewTimes.kz сайты 2019 жылдан бері 35,3 миллион теңге алған.

Мемлекеттік БАҚ ішінде "Қазақстан" телеканалына 23 миллион теңге, "Хабар" агенттігіне 22 миллион теңге, "Егемен Қазақстан" газетіне 17,4 миллион теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – Алматы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы.

Әкімдік мәліметі бойынша, 2019–2020 жылдарға БАҚ-қа мемлекеттік тапсырыс үшін бөлінген шығын бір жарым миллиард теңгеге жетпеді. Бірақ қалалық бюджеттен қаржыландырылатын муниципалдық телеканалдар мен газеттерге бөлінген қаржы 4,8 миллиард теңгені құрайды. "Алматы" телеканалы мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімдер бойынша төрт миллиард теңге, Alatay Aqparat ("Алматы ақшамы" мен "Вечерний Алматы") — 823,6 миллион теңге алған.

Шенеуніктердің жұмысын жариялау үшін БАҚ-қа ақша бөлу Қазақстанның барлық аймағында бар тәжірибе. Әкімдіктердің тапсырысы бойынша жарияланатын материалдардың мазмұны әдетте елбасы мен мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жайында болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз