Қарасай ауданында 12 тонна заңсыз спирт тасыған тұрғын ұсталды

8 Желтоқсан 2020, 10:00
Сурет: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Қарасай ауданының аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімдерді тасымалдау және сақтау фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Заңсыз спирт ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы МКД және Қарасай ауданы ПБ ЖПҚ УПИ-мен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында табылды.

12,2 тонна көлеміндегі ерекше иісі бар спирттік сұйықтықпен "Вольво" маркалы автокөлігі ұсталды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?