Мемлекеттік сатып алу мүгедек жандардың жұмыс табуына көмектеседі

8 Желтоқсан 2020, 16:38
Сурет: inform.kz

Мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесіне өзгеріс енгізу мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамтуға ықпал етпек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында белгілі болғандай қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға, нақты айтсақ мүгедектігі бар жандарды қолдау шараларын қарастыратын өзгерістер енгізу мәселесі пысықталған, деп хабарлайды zakon.kz.

Еңбек министрлігі "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасына Тұжырымдама әзірлегенін атап айтқымыз келеді.

Заң жобасы аясында жергілікті атқарушы орган бекіткен квотаны орындамайтын ірі және орта компаниялардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салу жөнінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр.

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар 705 мыңнан астам тұлға өмір сүріп жатыр, олардың 61,5%-і еңбекке жарамды жастағылар болса, 25,7%-і зейнетақы жасындағылар да, 12,8%-і 18 жасқа дейінгі балалар.

Дегенмен ерекше қажеттіліктегі тұлғалардың үлес салмағы салыстырмалы түрде алғанда тұрақты болып отыр әрі барлық тұрғын халықтың арасында соңғы үш жылда 3,7%-ті құрайды.

Сандарды сөйлетер болсақ, Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша жыл сайын 50 мың қазақстандық алғаш рет мүгедек деп танылады екен. Мемлекет те мүгедектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерді ынталандыру үшін шаралар қабылдаумен келеді.

Әйтсе де жұмыс берушілер мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа алуға әлі де құлықты емес. Мәселен, Еңбек министрлігінің дерегі бойынша 2018 жылы бар-жоғы шамаен 100 ғана жұмыс орны құрылған.

Сондықтан елімізде мүгедектерге көмек көрсетудің жолдары қара қарастырылып отыр.

Жақында еңбек вице-министр Ерлан Әукенов мәлім еткендей, министрлік үкіметке бюджетті бекітуді ұсынған. Оның айтуынша, жаңа "Мүгедектігі бар тұлғалардың өмірін жақсартуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар туралы заңжобасын" жыл соңына дейін қабылдау көзделуде.

Аталмыш заң жобасында 90 түзету, 80 нормативтік акті қарастырылған. Атап айтқанда Еңбек министрлігі І топтағы барлық мүгедекке әлеуметтік жәрдемақы енгізбекші. Бұл санатқа жататындардың саны елімізде 60 мыңнан асады, ал олардың 24 мыңы күтіміне байланысты жәрдемақы алмайды. Еңбек министрлігі оларға жәрдемақы тағайындауды ұсынып отыр.

Министрлік сондай-ақ жеті жастан 16 жасқа дейінгі балалардың мүгедектігін халықаралық сертификацияға сай белгілеу тәсілдерін қарастыруды ұсынуда.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі мүгедектігі бар 705 500 адамның 430 400-і еңбекке жарамды жастағылар болып табылады. Алайда, олардың төрттен бірі ғана еңбекке тартылған. Ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 40%-і құрайды. Осыдан біраз уақыт бұрын ведомстводағылар Еңбек министрлігі мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамтудың үлесін 2025 жылға қарай 30%-ке арттыруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Ол үшін "Еңбек" нәтижелі еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының, атап айтқанда жұмысқа орналастыру, бизнестің негіздеріне оқыту және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қатысты әлеуеті пайдаланылмақшы.

"Біздің мақсатымыз ЭЫДҰ елдеріндегідей мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастырудың үлесін еңбекке жарамды жастағылардың 40%-іне дейін жеткізу болып отыр. Яғни Қазақстандағы 424 мың адамнан (бүгінде бұл сан 106 мың) жоспарлап отырмыз. Бұл көрсеткішті бірнеше жылда 160 мыңға дейін жеткізсек дейміз. Бұл тұрғыда бізге "Еңбек" бағдарламасы үлкен қолдау көрсетуде", – деп атады Әукенов.

Бұдан бөлек кәсіп таңдауда мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты елімізде мүгедектігі бар тұлғалар үшін, БҰҰДБ-мен бірлесе отырып мүгедектігі бар тұлғалар үшін Кәсіптер атласын әзірлеу жөнінде жоба іске асырылып жатыр. Ол жұмыс берушілерге, жұмыспен қамту орталықтары мен жеке HR-агенттіктеріне шектеу түріне байланысты лайықты бос жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік бермек.

Министрлік мамандарының болжамынша, аталған ережелер мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыруды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?