Мемлекет басшысы Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуды мемлекеттік наградамен марапаттады

8 Желтоқсан 2020, 17:33
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорда сайтында "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының табысталуы туралы хабарланды.

2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес:

1. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің –Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын:

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;

білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін, делінген Президент Қаулысында.

Төрегелді Шарманов - кеңестік және қазақстандық мемлекет қайраткері, ғалым, тамақтану гигиенасы маманы. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері.

Шигео Катсу - Назарбаев Университетінің президенті, экономика ғылымдарының докторы. Ол сонымен бірге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Назарбаев қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?