Алматы тауында адасқан адам құтқарылды

9 Желтоқсан 2020, 14:41
Сурет: ҚР ТЖМ

Шымбұлақ тау-шаңғы кешені маңында 1955 жылы туған ер адам адасып кетті. Бұл хабарлама 2020 жылдың 9 желтоқсанында түнгі сағат 00:30-да ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам «Малая кругосветка» бағыты бойынша жүрген. Алайда, жауған қардың биіктігі 1 метр және тасты жолдан өту қиын болғандықтан, ол жолдан шығып кеткен. Жолда өздігінен жүре алмай, тоңып, әлсіреп қалған. Осы сәтте адасқан ер адамға құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Оқиға орнына шұғыл түрде 6 құтқарушы, соның ішінде кинологиялық есебі бар Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы жолға шықты. Құтқару жұмысына бір бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

РЖҚЖ жедел тобы іздеу жұмыстарын бастады. Құтқарушы топ қар басқан, шалғай ойлы-қырлы жерлерден өтіп, қоңырау шалған сәттен бастап бір сағат ішінде қатты гипотермия белгілері бар зардап шеккен адамды тапты. Оған алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті.

Қатты тоңып қалған ер адамға құтқарушылар ыстық шай, жылы киім берді. Зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге жеткізді. Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында ер адамның жағдайы қанағаттанарлық жағдайда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?