Сайлағыштар Байденді АҚШ президенті етіп сайлады

15 Желтоқсан 2020, 09:30
Сурет: Chip Somodevilla / Getty Images

Дүйсенбіде штаттарда сайлағыштардың дауыс беруі кезінде демократ Джозеф Байден АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптан озып кетті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Джо Байден АҚШ-тың жаңа президенті, ал Камала Харрис вице-президент болып сайланды.

Бұл сайлағыштар алқасының дауыс беруі нәтижесінде белгілі болды, деп жазады The Washington Post.

Жаңалық жарияланған кезде Байден 302 сайлаушының қолдауына ие болды. Трампты 232 адам қолдады (CNN мәліметтері). Жеңу үшін қажетті минимум – 270 дауыс еді. Калифорниядағы сайлаушылардың дауыстары ескерілгеннен кейін Байден бұл деңгейден асып түсті: ол тағы 55 дауыс алды, деп жазады AP.

Осылайша, 20 қаңтарда дәстүр бойынша Вашингтонда өтетін ұлықтау рәсімі кезінде Демократиялық партияның өкілі Джо Байден АҚШ-тың 46-президентінің қызметіне кіріседі.

2009-2017 жылдары Барак Обаманың тұсында Байден вице-президент болған еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?