Полиция отын отауға тоғайға барған ауыл қазағының тракторын шырылдатып тартып алды

15 Желтоқсан 2020, 11:06
Сурет: yk-news.kz

Күршім ауданының тұрғыны жеке қажеттілігі үшін ағаш кескені үшін айыппұл төлеп қана қоймай, жеке заттарынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыркүйек айының соңында, рейд кезінде Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Күршім ауылынан үш шақырым жерде орналасқан орман белдеуінде заң бұзушылықты анықтады. Ол жерден тіркемесі бар трактор табылды. Тіркемеде кесілген ағаш болған. 41 жастағы жергілікті тұрғын ағашты өзінің жеке қажеттілігі үшін кескенін айтты. Онда ағаш кесуге арналған арнайы құжаттары болмады, - деп келтіреді ШҚО ПД-ның сөзін YK-news.

Аталған фактіге қатысты 381-1-бабы 1-бөлігі (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілгені де айтылады.

No1 Күршім сотының шешімімен құқық бұзушылық құралдары тәркіленіп (трактор, балта, қол ара), 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?