Халық санының өсімі жағынан Шымкент қаласы ІІ-орында тұр
Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыны басып озып, Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі орынға тұрақтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Республикалық Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны 1 қарашаға қарай 18 млн 833 мың адамға жетіп, жыл басынан бері 0,2 млн адамға немесе 1,08% – ға артқан.
Халық өсімі бойынша елорда көш бастап тұр, Нұр-Сұлтанда – 3,52%, Шымкент-те 2,67%, Алматыда 2,61%, Маңғыстау облысында 2,43% және Атырау облысында 1,48% өсім бар. Бұл ретте Шымкент алғаш рет халық санының өсу қарқыны бойынша Алматыны басып озды.
Алматы халқы 1 млн 967 мың адамға, Астана – 1 млн 176 мың адамға, Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 млн 66 мыңға жетті.
Сонымен қатар, еліміздің 13 өңірінде көші-қон ағыны жалғасуда. Халықтың көші-қон өсімі бойынша да Шымкент ІІ-орында. Алғашқы орында Маңғыстау облысы болса, Шымқаладан соң Алматыда және Астанада ғана халықтың сапырылысуы байқалады.