Талғарда "Мені үш еркек зорлады" деген бойжеткеннің өтірігі ашылды

15 Желтоқсан 2020, 20:46
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысында әйел адам көрінеу жалған сөз айтқаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Талғар аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігі бойынша 31 жастағы аудан тұрғынын ауыр қылмыс жасады деген айыппен көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Қоғамнан оқшаулау түріндегі қатаң үкім сотталушының бұған дейін де осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанымен байланысты болды.

2020 жылдың 26 наурызында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Бұрын жалған сөйлегені әшкере болған әйел тиісті қорытынды жасамаған және ішінде танысы бар үш ер адам зорлағанын айтып, шағым түсірген.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші жәбірленушінің жауаптарында бірқатар қарама-қайшылықтарды анықтады. Содан кейін өтірігі әшкере болған өтініш беруші зорлық-зомбылық дерегі болмағанын мойындады. Танысына деген өшпенділікпен кек алу мақсатында жалған айыптағаны белгілі болды", - деп толықтырды Талғар АПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция капитаны Ғалым Иманғалиев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?