Иран билігі "өз жүйесіне қауіпті" журналисті дарға асып өлтірді 

15 Желтоқсан 2020, 21:03
Сурет: Mizan News Agency (AFP)

Халықаралық қауымдастық оппозициялық журналисті дарға асқан Иран билігін айыптады. AmadNews сайты мен Telegram-канал арнасының хабарлауынша, 47 жастағы диссидент Рухолла Замды өлім жазасына кесу туралы үкім 12 желтоқсанда орындалған, деп жазады centralasian.org.

Революциялық сот журналисті "зұлымдық пен зорлықты таратты" деп айыптаған. Иранда бұл айыпты әдетте тыңшылық жасау не билікті төңкеру істері бойынша тағады.

Зам Иранда қамалғанға дейін Парижде тұрып, сол жақтан жұмыс істеген. Бірақ кейін Иран билігі оны айла арқылы елге келтіріп, 2019 жылы қазанда белгісіз жағдайда қамауға алған. Франция билігі Тегеранның бұл әрекетін қатаң айыптады. Одан кейінгі айларда Иран телеарналары Замның заңды бұзғанын мойындап, әрекеті үшін кешірім сұрайтын видеосы жариялады.

Рухолла Замның өлім жазасына кесілгені маусым айында белгілі болды. "Шекарасыз тілшілер" (RSF – Reporters without border) ұйымы үкімді әділетсіз деп атады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео АҚШ Рухолла Замға шығарылған "әділетсіз үкімді" айыптап, дарға асуды "тағылық" деп атады. Осыған дейін БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет ирандық журналистің дарға асылуына наразылық білдіріп, Тегеранды өлім жазасынан бас тартуға шақырған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?