Миллиардердің баласы жол апаты кезінде тірідей өртеніп кетті

20 Желтоқсан 2020, 14:37
Сурет: rambler.ru

АҚШ-та Bridgewater Associates компаниясының негізін қалаушы Рэй Далионың ұлы Девон жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жол апаты Гринвичте болған. Көлік алдымен жолдан шығып, тротуарға түсіп, дүкенге соғылған, содан соң өрт шыққан. Полиция оқиға орнына жеткенде көлік көк түтінге оранған.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты кезінде автомобильдің жанар-жағармай багы жарылған.

Рэй Далио - әлемдегі хеджирлеу қорларының ондығына кіретін Bridgewater Associates инвестициялық фирмасының негізін қалаушы. 2015 жылы ол Bloomberg нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды адамдар тізімінде 18-ші орынға ие болды, 2018 жылдың сәуірдегі дерегі бойынша, кәсіпкердің байлығы 17,4 млрд долларға бағаланады.

Девон Далионың өзі P-Squared Management Enterprises жекеменшік компаниясының тең құрылтайшысы болған. Оның артында әйелі мен қызы қалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?