Алматы облысында сырғанақ тепкен қыз қайтыс болды

20 Желтоқсан 2020, 14:50
Сурет: express-k.kz

Оқыс оқиға Көксу ауданында орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik атап өткендей, 19 желтоқсанда орталық облыстық ауруханада 10 жасар қыз қайтыс болды. Бала Мұқыры ауылының маңындағы төбеден сырғанақ тебу кезінде жарақат алды.

Жергілікті билік қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, бұл жер жаппай демалуға арналмаған. Тыйым салынғанына қарамастан, жақын маңдағы елді-мекендердің , соның ішінде Талдықорған қаласының да тұрғындары осы қарлы төмпешікке демалуға және шаңғы тебуге келеді.

Сырғанаққа арналған төмпешік шаруа қожалықтарының бірінің аумағында орналасқан. Қазірдің өзінде ферма иесіне арнайы хат дайындалып жатыр. Сондай-ақ, осы жерде және басқа да өздігінен шаңғы тебетін жерлерде қауіптің алдын алу мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылады, - деп хабарлады Көксу аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?