СҚО тұрғындарына дауылды ескерту жарияланды

zakon.kz zakon.kz
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күндіз 21-і, тәулік бойы 22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. 21-22 желтоқсанда кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 21, түнде 22 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі, деп ескертеді СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Петропавл қаласында күндіз 21, тәулік бойы 22 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 21 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз