Мамин ковидке қарсы дәрі-дәрмектердің бағасын төмендетуді бұйырды

20 Желтоқсан 2020, 17:21
Сурет: Pixabay

Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия ковидке қарсы дәрі-дәрмектердің бөлшек саудадағы бағасын төмендету туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық мәжілісі өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ВАК бірқатар шешім қабылдады.

"Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылданды" делінген Премьер-министр сайтында.

Сондай-ақ ВАК шешімі бойынша, 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?