Екібастұз мамандандырылған ХҚО секторы жаңа ғимаратқа көшті

19 Желтоқсан 2020, 12:05
Сурет: "Азаматтарға арналған үкімет"

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан бастап екібастұздықтар Энергетиктер көшесі, 37/1 мекенжайы бойынша орналасқан екінші ХҚО-да автоқызметтерді ала бастайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Фархат Әлімовтің айтуынша, жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған. "Жаңа секторда біз құжаттандыру және автоқызметтерден басқа барлық қызметтерді көрсетіп келгенбіз, енді мамандандырылған сектор толығымен екінші ХҚО-ға көшті, екібастұздықтар автоқызметтерді жаңа ғимаратта алатын болады, - деп хабарлады Әлімов.

Сонымен қатар жаңа ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы компьютерлер саны артты. Автокөлік иелеріне қызмет көрсететін мамандандырылған сектор үшін қосымша 4 үстел орнатылды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлық ХҚО-лар штаттық режимде жұмыс істейді. Орталықтар дүйсенбі-жұма аралығында сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Коронавирус пандемиясының жағдайында қосымша қорғаныс шаралары қабылданған. Келушілерден бетперде тағып, арақашықтықты сақтауды сұраймыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?