Жаңалықтар тізбегі
0

Тәуелсіздік күні Таразда тегін білім беретін жеке гимназия ашылды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2020 19:13 пресс-служба
Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні облыс аудандарында да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды.

Тәуелсіздік күні жамбылдықтар үшін қос қуанышқа айналды. Өйткені, бұл күні өңірде бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар есігін айқара ашты.

Облыс орталығында «Arai – elite» жеке гимназиясының ресми ашылуы өтті. Оқушылар мұнда тегін білім алады. Мектеп «Абылай – сана 2003» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен салынған.

Елбасы әрдайым жастарды білімге ұмтылуға, мақсатқа жетуге және табысты болуға шақырады. Ел болашағы – білімді жас ұрпақтың қолында. Облысымызда заманауи мектептер саны жыл сайын артып келеді. Біздің міндетіміз – сапалы білім беру, балалардың жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық мен жаңаша тұрғыдағы дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау, - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2020 19:13

Ол аталған компания басшысы Арман Еділбаевқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, бұл әлеуметтік жауапкершілік бизнестің өз жерлестеріне жақсы жағдай жасауының жарқын мысалы екенін атап өтті. Серіктестіктің қолдауының арқасында жақын маңда орналасқан «ARAI» медициналық орталығын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Анаға тағзым» орталығы бой көтеруде.

Арман Еділбаев мектеп директоры Жанна Мәдімароваға жаңа оқу ордасының символикалық кілтін салтанатты түрде табыстап, педагогикалық ұжымға табыс тіледі. Бүгінгі таңда 1025 оқушыға арналған гимназияда 367 бала білім алуда. Өңір басшысы техниканың соңғы үлгілері бойынша жабдықталған кабинеттерді аралап, танысты. Мектеп спортзал, мәжіліс залы, асхана, кітапханамен қамтылған. Сондай-ақ, тынығуға арналған арнайы аумақ та назардан тыс қалмаған. Ата-аналар мен оқушылар жаңа оқу орнынына деген ризашылықтарын жеткізді. Ғимараттың қабырғалары мотивациялық және танымдық картиналарымен безендірілген. Кабинеттер жарық әрі кең. Әр қабатта ұлдар мен қыздарға арналған дәретханалар бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2020 19:13

Оқушылар ағылшын тілі мен математиканы тереңдетіп оқиды. Кабинеттер заманауи технологиялармен, интерактивті тақталармен жабдықталған, - дейді мектеп директоры Жанна Мәдімарова.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні облыс аудандарында да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды. Меркі ауданында Қостоған және Т.Рысқұлов екі ауылы орталықтандырылған ауыз суға қосылса, Гранитогорск ауылында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ал, Байзақ ауданы Бұрыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мәдениет үйі ашылды. Жетібай ауылында да мәдениет нысаны салынған. Жамбыл ауданының Аса ауылында балаларға арналған шығармашылық орталық, Қаракемер ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сарысу ауданында да бірден төрт ауыл орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді. Қаратау қаласында екі көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Шу ауданындағы екі ауылдың тұрғын үй алаптары инженерлік желілерге қосылды. Шу ауданында "Standart Construction" ЖШС зауыты іске қосылып, өндіріс нысандарының тізімі де толықты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2020 19:13, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2020 19:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: