Жаңалықтар тізбегі
0

Тәртіп сақшысы зейнеткер әйелді зорламақ болған күдіктіні ұстап, селфиге түсті

kris.p.online, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 19:31 kris.p.online
20 желтоқсанда Шымкентте әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды.

Шымкентте зейнеткер әйелді зорламақ болған күдіктінің суреті әлеуметтік желілерге тарап, қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Күдіктіні ұстаған тәртіп сақшысы осы сәтті селфи ретінде телефонына тартып ала қойыпты.

- Енді селфи жасап алайық

- Керек емес, деп жазады желіде пікір қалдырушылардың бірі суретті "сөйлетпек" болып.

Енді сол жағынан селфилетпейсіз бе, деп қалжыңдапты желідегілердің тағы бірі.

Бетпердесі қайда, әлеуметтік қашықтық ше, айыппұл салыңыздар бәріне, қалжың ғой, - дейді тағы бірі мысқылдап.

17 желтоқсанда ер адам подъезге кірген егде жастағы әйелдің ту сыртынан тап берген. Оны артынан келіп қылқындырып, талдырып, жерге құлатып, зорламақ болды, арасында есін жиып, қарсылық білдірген әйелді ол бірнеше мәрте жұдығымен басынан да ұрады. Бірақ қаскөй өз әрекетін соңына жеткізе алмай қалды, сырттан абыр-дабыр естілді ме, ол орнынан тұрып, тұра қашады. 20 желтоқсанда Шымкентте әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тіркелген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: