Үйленгеніне екі күн ғана болған жігіт әпкесімен бірге жол апатынан көз жұмды

azh.kz azh.kz
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

19 желтоқсанда жазатайым оқиға салдларынан екі туыс адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

LADA Priora көлігі қатты жылдамдықпен келе жатып, таңғы жетіде Атырау-Индер тас жолында аударылған. Жол апаты салдарынан Индер ауданы, Ынтымақ ауылының екі тұрғыны - 32 жастағы жүргізуші мен оның 38 жастағы әпкесі оқиға орнында қайтыс болды.

Олардан басқа көлікте төрт бала болған, бақытқа орай, олар тірі. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, көлік рөліндегі жігіт екі күн бұрын ғана үйленіп, той жасаған, сол қаралы күні ол өзінің тойына балаларымен Ақтаудан келген әпкесін пойызға апара жатқан, деп хабарлайды Azh.kz.

Апат фактісі бойынша сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз