Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында екі кәсіпорын 2 млрд теңгеден астам салық төлеуден жалтарған

askeri.sud.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2020 15:40 askeri.sud.kz
Жалған жеткізушіден 5 миллиард теңгеге жалған шот-фактуралар алғаны анықталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңды және жеке тұлғалар тобына қатысты аса ірі көлемде салықтарды төлеуден жалтарудың екі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші жағдайда "СпецКомунСтрой KZ" ЖШС 2014-2018 жылдар аралығында серіктестіктің шығыс бөлігін жабу үшін жалған жеткізушілерден - "Ринат Актау" ЖШС, "Бори Актау" ЖШС жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жеткізбей шот-фактураларды алған. Бұл ретте, Маңғыстау облысының МАЭС шешімімен аталған кәсіпорындар арасындағы мәмілелер заңсыз деп танылды.

Құжаттық салық тексерісінің актісіне сәйкес "СпецКомунСтрой KZ" ЖШС-нің есептегенге дейінгі сома 163 млн теңгеден асты. Мұнайлы аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы ҚР ҚК 245-б. 2-б. 1-т. бойынша айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Екінші дерек бойынша басқа кәсіпорынның басшысы 2013-2017 жылдар аралығында дәл солай серіктестіктің шығыс бөлігін жабу үшін жалған тұлғаға тіркелген жалған жеткізушіден 5 миллиард теңге сомасына жалған шот-фактураларды алғаны анықталды. Яғни, кәсіпорын 2 миллиард 225 миллион теңге сомасына салық төлеуден жалтарған. Ақтау қаласының мамандырылған тергеу сотының санкциясы бойынша іс фигуранттарының бірінің жылжылмайтын мүлкіне 2 миллиардан астам теңге сомасына тыйым салынды.

Қазіргі ҚР ҚК 245-б. 3-т. бойынша қылмыстық іс Жаңаөзен қалалық сотында қарастырылу кезеңінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: