Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын қарады

primeminister.kz primeminister.kz
2020 жылы 22 заң жобасы әзірленді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2021 жылға арналған Жоспар жобасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасап, Үкіметтің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары толық орындалғанын – 22 заң жобасы әзірленгенін хабарлады.

2021 жылға арналған жоспар 25 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның ішінде 6 заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындайды. Бұл сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және биржалық сауданы дамыту мәселелері жөніндегі заң жобалары. 2021 жылдың жоспарына геодезия, биологиялық қауіпсіздік, әскери полиция және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 4 жаңа заң жобасы енгізілді.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Үкімет регламентіне әзірлеуші органдардың бірінші басшыларының заң жобаларын әзірлеу мен ұсынудың сапасы, уақытында берілуі үшін дербес жауапкершілігі туралы тиісті түзетулер енгізілді.

"Министрлер заң жобаларының сапалы дайындалуын және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы ұсынылуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет", – деді А. Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз