Газ бекеттерінде баға қадағаланбайтын болады

22 Желтоқсан 2020, 10:50
Сурет: krizisrussia.ru

Энергетика министрлігінің автобекетте көлікке құюға арналған мұнай газының шекті бағасын бекітуге міндеттейтін бұйрығы биыл сәуірде жарияланған. Министрлік өкілдері құжаттың күшіне енуі төтенше жағдай кезінде бағаны тұрақты ұстауға мүмкіндік бергенін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Шенділердің сөзінше, қазір газ бекеттеріндегі бағаны қадағалаудың күшін жою қажеттігі туралы көптеген өтініш түсіп жатыр. Оның үстіне, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйылтылған газ электронды сауда алаңдары арқылы сатылады.

Мекеме мамандары егер бекет иесі электронды алаң арқылы қымбат өнім алып, оны бекітілген бағада сатса пайдадан қағылады, бұл бекеттерде газ тапшылығын тудыруы мүмкін және мұндай жағдай елдің энергетикалық қауіпсіздігіне әсер етеді деген ойда. Көгілдір отынды электронды сауда алаңына шығару мерзімін 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту жоспарланып отыр. Бірақ заңнамаға енуі тиіс түзетулер әлі қабылданған жоқ, электронды сауда алаңы арқылы сатылатын сұйылтылған газ мөлшері ай сайын өсетін болады.

Жағдайды реттеу үшін министрлік бекеттегі бағаны қадағалауды 2021 жылғы 15 қаңтарда тоқтатуды ұсынды.

Шенділер шілде айында да газ бағасын еркін айналымға жіберуді көздеген болатын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?