Көлік жүк салғышынан қару-жарақ табылды. Алматыда атыс шығарғандар ұсталды
Алматыда тәртіп сақшылары тоқтатқан жеңіл көліктің жүк салғышынан қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Көлік ішінде отырғандар патруль полиция қызметкерлеріне күдікті болып көрінген. Автокөлік 21 қаңтарда таңғы сағат 5-те Ангарская көшесінде ұсталды.
"Көліктен 16 және 17 калибрлі екі тегіс ұңғылы мылтық, “РГД-5” гранатасының екі муляжі, патрондар мен қаптамалар табылып, тергеу-жедел тобымен процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Көлікте төрт ер адам болған, олардың біреуі бұрын қарулы бұзақылық жасағаны және адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталған", - делінген хабарламада.
“102” басқару пультіне оқ жарақатын алған үш жігіт көмек сұрап қаладағы медициналық мекемелердің біріне жүгінгені туралы хабарлама келіп түскен болатын. Күдіктілер үш адамды жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды. Заттай айғақтар тәркіленіп, іс бірден сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.
"Қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу барысында кесілген кесектердің шығу тегі мен меншігі анықталады", – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Тексеру барысында анықталғандай, ұсталғандардың бірі бұрын қарулы бұзақылық жасағаны және адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталған болып шықты.